Қандай кәсіп, қандай мамандық таңдаған дұрыс?
Бірде бір кісі баласын ертіп үлкен әулие, ғұламаның алдына барып, былай депті: - Уа, хазірет! Мынау менің енді ержетіп келе жатқан балам еді. Осыған бір жөн сілтесеңіз. Қандай кәсіпке баулығаным дұрыс болады? Мен сияқты кедей болмай, ауқатты болғанын қалаймын. Сонда, балаға қарап отырып ғұлама: - Сен бұ баланы тігіншінің қасына қос, - депті. Баланың әкесіне бұл кеңес онша ұнаңқырамайды. «Тігіншілік деген ұсақ жұмыс қой. Онымен қайтып байымақ?» деп ойлап, ақыры бір темірші ұстаның қасына баласын қосады. Теміршілік оңай боп па? Қианала жүріп, бала әйтеуір кәсіпті...